«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 291 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті туралы ереже;»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетіне:
1) заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында көрсетілген ережелерді тіркеу бойынша шаралар қабылдасын;
2) көрсетілген ережелерді жеке құрамның зерделеуін ұйымдастырсын және оларды практикалық қызметте басшылыққа алуды қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
5). осы бұйрықтан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.